Астанада тек қана Қоянды саяжай алқабы ғана сақталады
Астанада бау-бақша жүргізуге арналған 10 мыңнан астам жер учаскесі бар. Олардың көбісінің орнына тұрғын және қоғамдық нысандары салынады, деп хабарлайды Elordainfo.kz қаланың Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына сілтеме жасап.
Басқарманың мәліметінше, Астана қаласында қазіргі уақытта жалпы бау-бақша жүргізуге арналған 10 мыңнан астам жер учаскесі бар. Оның ішінде:
Сарыарқа ауданында – 700-ден аса
Нұра ауданында – 2 300-ден аса
Есіл ауданында – 2 100-ден аса
Алматы ауданында – 1 800-ден аса
Қоянды саяжай алқабында – 3 300-ден аса саяжай учаскесі бар.
«Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспары жобасында саяжай учаскелерінің аумақтарында тұрғын және қоғамдық нысандардың, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің құрылысы қарастырылған», делінген хабарламада.
Басқарманың мәлімдеуінше, қалада тек Қоянды саяжай алқабы аумағы ғана сақталады.
Еске сала кетсек, Жамбыл облысында аудан әкімдігі жер учаскесін беру жөніндегі конкурсты негізсіз тоқтатқаны анықталды.