Астанада тағы үш жылы аялдама павильоны орнатылады
Елорданың «Алматы» ауданында қалалық инфрақұрылымды дамыту және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында инвесторлар мен кәсіпкерлермен жүйелі жұмыстар жасалуда, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Алматы» ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.
Әкімдіктің мәліметінше, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлердің қолдауының арқасында ауданда тағы 3 заманауи жылы аялдама павильоны орнатылады.
Қазіргі уақытта оларды орнату жұмыстары басталды:
- Тәуелсіздік даңғылы – Қ.Мұнайтпасов көшесі бағытындағы аялдама;
- «7-Я» ТҮК маңында – Б.Момышұлы даңғылы бағытындағы аялдама;
- Амман көшесі – Ж.Тәшенов көшесі бағытындағы аялдама.
«Жаңа жылы аялдама павильондары тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, жылдың суық мезгілінде қоғамдық көлікті жайлы күтуге мүмкіндік береді», - деп хабарлады аудан әкімдігі.
Еске салсақ, Еңбек министрлігі Астанадағы құрылыс нысандарына бақылауды күшейтеді.