Астанада SOLANA FEST 2026 фестивалі өтетін орынға шаттл-маршруттар ұйымдастырылады

Бүгін, 13:09
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада SOLANA FEST 2026 фестивалі өтетін орынға шаттл-маршруттар ұйымдастырылады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Astana» гольф-клубында 17 мамырда SOLANA FEST 2026 халықаралық фестивалі өтедi, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін іс-шара өтетін орынға арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

SOLANA FEST 2026 әлемдік жұлдыздар, олардың арасында – Nicole Scherzinger, Flo Rida, Busta Rhymes және т.б. өнер көрсетеді. Қонақтарға ыңғайлы болу үшін ұйымдастырушылар Астананың түрлі орындарынан фестиваль алаңына дейін және кері бағытта қатынайтын тегін шаттл автобустар ұйымдастырылады.

Шаттл-бастар мына орындардан қатынайды:
• Әзірет Сұлтан мешіті;
• Астаналық цирк;
• Орталық мешіт;
• Нұрлы жол (Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі жағынан).

Жүру уақыты: 15:00, 16:00 және 17:00.

Фестиваль аяқталғаннан кейінгі кері рейстер сағат 23:00-де ұйымдастырылады.

Ұйымдастырушылар жиналу орнына алдын ала келуді кеңес етеді.