Астанада сенбі күні шаңғы жарыстары өтеді
Астанада 24 қаңтар күні шаңғы жарыстары ұйымдастырылады. Іс-шара Орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында сағат 10:00-де басталады, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорттық мереке аясында армрестлинг, гір тасын көтеру, арқан тарту және белдесу күресі бойынша жарыстар өтеді.
Негізгі бәсеке – шаңғы жарысы. Ол қыздар, ұлдар, ерлер мен әйелдер арасында 16 жас санаты бойынша ұйымдастырылады.
Қашықтықтар 500 метр, 1 және 2,5 шақырымды құрайды.

Тіркеу сағат 10:00-де басталып, жалпы старт 11:00-де беріледі. Барлық жарыс түріне қатысу тегін.
Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және қалалық Спорттық іс-шараларды өткізу дирекциясының ұйымдастыруымен өтеді.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Италияда өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.