Астанада «Самал» саябағына кіреберіс жол жөнделеді

Бүгін, 14:57
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада «Самал» саябағына кіреберіс жол жөнделеді
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Керей мен Жәнібек хандар көшесі жағынан «Самал» саябағына кіреберіс жолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Осыған байланысты осы жылдың 10-15 сәуірі аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толықтай шектеледі.

Жүргізушілер қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлап, жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескеруі қажет.

Еске сала кетейік, ертең елордада Esil RUN жазғы жүгіру маусымының ашылуы өтеді.