Астанада 25 шілде күні адам саудасына қарсы күреске арналған RUN FOR LIBERTY жаппай жүгіру жарысы өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ұйымдастырушылар қатысушылар үшін 4 шақырым және 7,6 шақырым қашықтықтарды дайындаған.
Жарысқа барлығы 1 700 адам қатысады деп жоспарланып отыр. Оған 16 жасқа толған елорда тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.
Онлайн тіркелу 22 шілде күні сағат 09:00-де reg.elordasport.kz сайтында басталды. Тіркеу қатысушылардың белгіленген саны толғанға дейін жалғасады.
Тіркелген қатысушыларға старттық нөмірлер 25 шілде күні сағат 06:00-ден 07:30-ға дейін Ырыскелді қажы мешітінің аумағында беріледі.
Жүгіру жарысы дәл осы жерде сағат 08:00-де басталады.
Еске сала кетейік, Астанада өтетін «Болашақ ойындары 2026» турнирінің кестесі жарияланды.