Астанада бірқатар өңірдің құтқарушылары жаңа көліктердің кілтін алды
Астанада №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында төтенше жағдайлар ведомствосының бөлімшелеріне берілген жаңа техниканың саптық байқауы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Көлік кілтін Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов табыс етті.
Іс-шара барысында ведомствоның міндетін ескере отырып әзірленген жаңа үлгідегі жедел-құтқару автомобильдері таныстырылды.
Автомобильдердің өтімділігі жоғары, олар шығыр, шноркель, радиостанция, жарық-дыбыстық дабыл құрылғысымен жарақталған. Конструкциясында қажетті авариялық-құтқару жабдықтарын орналастыруға және тасымалдауға мүмкіндік беретін кунг қарастырылған.

Осы модель алғаш рет мемлекеттік органдардың иелігіне қабылданды. Техника өңірлерде жауынгерлік кезекшілікке қойылып, Түркістан, Ақмола және Қарағанды облыстарының бөлімшелеріне жіберіледі. Жаңғырту жұмыстары ТЖМ талаптары мен пайдалану шарттарын ескере отырып, ресми дилер тарапынан жүргізілді.
Еске салсақ, елдегі әмбебап құтқару бөлімшелері жетілдіріліп жатыр.