Астанада «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Астанада «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада «Нұрлы жол» вокзалының жанындағы С.Шаймерденов көшесінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігіне сілтеме жасап.

Орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты С. Шаймерденов көшесінің Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне дейінгі учаскесінде жол төсемінің жоғарғы қабаты ауыстырылады.

Сонымен қатар 13 және 14 мамыр күндері Ж. Нәжімеденов-С.Шаймерденов және А. Байтұрсынов-С. Шаймерденов көшелерінің қиылыстарында қозғалыс ішінара шектеледі. Жұмыстар Ж. Нәжімеденов көшесінен А. Байтұрсынов көшесіне қарай бағытта жолдың бір жағымен жүргізіледі.

Еске сала кетсек, елордада С.Мұқанов көшесі он күнге жартылай жабылады.