23.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті

|
Photo: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған мерейтойлық концерт өтті

|
Photo: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының Орталық концерт залында Қазақстан және КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық қаһарманы, көрнекті күйші-композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай «Анам сенсің, туған жер» мерейтойлық концерті өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Ұлы композитордың мерейтойы тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар ЮНЕСКО, ТҮРКСОЙ сияқты халықаралық ұйымдар деңгейінде де аталып өтті», - делінген хабарламада. 

Мерейтойлық бағдарламада көрермен қазақ музыкасының алтын қорына енген Нұрғиса Тілендиевтің өшпес туындыларын тыңдап, ерекше әсер алды. 

Концерт барысында композитор шығармаларының классикалық интерпретациялары да, оның туындыларының тереңдігін айқындайтын жаңа көркемдік нұсқалары да ұсынылды.

Нұрғиса Тілендиев қазақ музыка өнерінің тарихында айрықша орын алады. Ол – 500-ден астам шығарманың авторы, отандық композиторлық мектептің дамуына ықпал етіп, қазақ музыкасының ұлттық бейнесін қалыптастыруға зор үлес қосқан бірегей тұлға. Аталған концерт Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясындағы маңызды оқиғалардың бірі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗