Астанада конституциялық реформалардың негізгі бағыттары талқыланды

Бүгін, 09:09
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада конституциялық реформалардың негізгі бағыттары талқыланды
Коллаж: Elordainfo.kz

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, Ономастар одағының мүшелері мен ғалымдар қатысты.

Кездесу барысында жаңа Ата заң жобасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, құжаттың азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленгені атап өтілді.

Жиын кезінде адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормалар, саяси институттардың тиімділігін арттыру, тарихи-мәдени мұраны сақтау және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары қарастырылды.

Еске салсақ, Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдаған болатын.