Астанада Конституция жобасындағы денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар талқыланды
Қалалық жедел жәрдем мекемесінде жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған басқосу өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Жиынға медицина қызметкерлері, бөлім меңгерушілері мен сала мамандары қатысты.

Кездесу барысында Конституция жобасында қарастырылған әлеуметтік мемлекет қағидаты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласына қатысты нормалар кеңінен талқыланды. Қатысушылар медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті.
Басқосуда заң үстемдігі мен жауапты басқару қағидаттарының күшеюі сала жұмысының тиімділігіне оң әсер ететіні айтылды. Мамандар Конституция жобасы қоғамның тұрақты дамуына және халық денсаулығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге негіз болады деген пікір білдірді.
Бұған дейін Астанада төрт жылда 11 медициналық нысан салынатынын жаздық.