Астанада Конституция жобасын қолдауға арналған ауқымды акция ұйымдастырылды

Бүгін, 15:44
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Астанада Конституция жобасын қолдауға арналған ауқымды акция ұйымдастырылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 17 және 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты аясында конституциялық реформаларды қолдауға арналған патриоттық акция ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Чемпионат елдің барлық өңірінен келген үздік балуандарды елордада тоғыстырып, болашағы зор спортшыларды анықтауға және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік жасады.

Акция жарыс бағдарламасы басталар алдында өтті. Ол жас спортшылардың, жаттықтырушылардың, қоғам өкілдері мен жанкүйерлердің басын қосты.

Іс-шара барысында қатысушылар патриотизмнің, бірлік пен отандық спортқа қолдаудың символы ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туын салтанатты түрде жайды.

Сонымен қатар Конституциялық реформаларды қолдауға арналған тақырыптық перформанс ұйымдастырылып, азаматтық ынтымақ пен жаңару бағытына қолдауды білдіретін «Жаңа Конституция үшін» деген жазуы бар баннер ашылды.

Іс-шара барысында жанкүйерлер, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бір арнаға тоғысып, өзара қолдау мен ауызбіршілікті айқын көрсетті.

Бұған дейін «Жеңіс» футбол клубы Конституция жобасын қолдауға арналған эстафета бастағанын жаздық.