Астанада Кенесары көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін, 12:19
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Кенесары көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астанада Кенесары көшесі бойында жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Ә.Сембинов көшесі мен М.Ғабдуллин көшесі аралығындағы учаскеде орташа жөндеу басталды.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты 24 сәуір мен 1 мамыр аралығында аталған бөлікте көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

«Қала тұрғындары мен жүргізушілерге бағыттарын алдын ала жоспарлап, уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жол бойына уақытша белгілер мен бағыттаушы көрсеткіштер орнатылады», делінеді хабарламада.

Еске салсақ, Астанада сондай-ақ А.Байтұрсынұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылды.