Астанада интеллектуалды көлік жүйесі дамып келеді – қала әкімі

Астанада интеллектуалды көлік жүйесі дамып келеді – қала әкімі
Фото: Орталық коммуникациялар қызметінің видеосынан скриншот

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордада интеллектуалды көлік жүйесін дамытуға жіті назар аударылып жатқанын айтты. 2027 жылы Астана көлікті басқарудың интеллектуалды жүйесіне толыққанды көшетін болады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Интеллектуалды көлік жүйесі белсенді дамып келеді. Бағдаршамдардың 40%-ы автоматты түрде жұмыс істейді. 2027 жылға қарай қалада үздік әлемдік тәжірибеге сай көлікті басқарудың толыққанды жүйесі құрылатын болады. Smart city жобасы іске қосылды. Қауіпсіздікпен жылдам әрекет ету үшін бейне аналитикасы бар 20 мың камера орнатылуда. Қазір әрбір екінші қылмыс қалада бейнекамералар арқылы ашылады. Интеллектуалды көлік жүйесі мен Smart city қаланы басқарудың цифрлық платформасына кіреді. Бұл жолдардағы жүктемені азайта отырып, тұрғындарға ыңғайлы, жылдам, қауіпсіз қозғала алатын экожүйені жасауға мүмкіндік береді», - деді Жеңіс Қасымбек.