21.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «EcoSummer 2025» экологиялық конкурсының жабылу рәсімі өтті

|
Photo: Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада «EcoSummer 2025» экологиялық конкурсының жабылу рәсімі өтті

|
Photo: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде республикалық «EcoSummer 2025» экологиялық конкурсының салтанатты жабылу рәсімі өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Байқау Мемлекет Басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылып, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыруға, EcoQolday бағдарламасын насихаттауға, қалдықтарды жинау және сұрыптаудағы үздік бастамаларды қолдауға бағытталды. Сондай-ақ, жоба аясында жастар, бизнес және қоғам арасында саналы тұтыну мәдениетін қалыптастыру мақсаты қойылды.

Биыл байқауға еліміздің барлық өңірінен белсенді азаматтар қатысып, әлеуметтік желілерде 100-ге жуық экологиялық бейнеролик жарияланды. Қалдықтарды жинау және сұрыптау нәтижесінде 100 тоннаға жуық қалдық қайта өңдеуге жіберілді.

Салтанатты жиында «Жас Эко-Амбассадор», «Қазақстанның Эко-Азаматы», «Эко-Бизнес» және «Цифрлық Эко-Дауыс» номинациялары бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗