Астанада демалыс күндері кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
Астанада 5 және 6 қыркүйек күндері кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жәрмеңкелерде жергілікті шаруалар мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап және басқа да тауарларды тиімді бағада сатып ала алады.
Іс-шаралар 5 және 6 қыркүйек күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
• Keryen Joly СОО – Алаш тасжолы, 35Б;
• ERA базары – Қорғалжын тасжолы, 96.
Келушілерге ыңғайлы болу үшін жәрмеңке өтетін орындарға №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307, 317, сондай-ақ №45, 66, 305 және 312 автобус бағыттары қатынайды.
Еске сала кетейік, Астанада Төле би көшесінде көлік қозғалысы шектеледі.