Астанада Дания Корольдік театрының гала-кеші өтті

Бүгін, 19:20
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астанада Дания Корольдік театрының гала-кеші өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әлемдегі ең көне әрі беделді театрлардың бірі саналатын Дания Корольдік театры Astana Ballet сахнасында елордалық көрерменге классикалық және заманауи хореографияны үйлестірген 10 нөмірден тұратын бағдарлама ұсынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Кеш барысында Бурнонвиль мектебінің үлгісіндегі билерге ерекше мән берілді.  «Жокейлер биі» мен «Брюггедегі кермесса» қойылымдары арқылы дат балетіне тән шапшаңдық, дәлдік және сахналық жинақылық әсерлі көрініс тапты. Бұл нөмірлер көрерменге дат балетінің өзіндік болмысын айқын сезіндіріп, бағдарламаның көркін аша түсті.

Сондай-ақ Еуропадағы заманауи фламенконың танымал өкілі Селена Муньос өнер көрсетіп, кешке өзгеше реңк қосты. Оның әсерлі биі гала-концерттің мазмұнын байытып, көрерменге ерекше әсер қалдырды.

Еске салсақ, «Астана Опера» театрында Джузеппе Вердидің «Травиата» операсы жұлдызды құраммен сахналанды. Ерекше құрметтің белгісі ретінде спектакль қатысушыларына Мемлекет басшысы атынан ықылас гүлі табысталғанын жазғанбыз.