28.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жанынан би үйірмесі ашылды

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жанынан би үйірмесі ашылды

|
Photo: Астана қаласы әкімдігі

Елордада қараша айынан бастап Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жаңадан ашылған Сарайшық аудандық филиалында зейнеткерлерге арналған би үйірмесі өз жұмысын бастады, деп хабарлады Elordainfo.kz  қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде орталықтың барлық 6 аудандық бөлімшесінде би үйірмелері жұмыс істейді. Бұл – зейнеткерлердің денсаулығын жақсартуға бағытталған сауықтыру үйірмелерінің бір түрі. Қазіргі таңда 500-ден астам зейнеткер би үйірмелеріне тұрақты қатысуда.

Сонымен қатар, әр ауданның зейнеткерлері өз қызығушылықтарына сай клубтарға қатысып, мәдени іс-шараларда белсенділік танытып жүр.

Қазіргі уақытта орталықта би бағыты бойынша 20-ға жуық өнер ұжымы құрылған. Атап айтқанда, Алматы ауданында «Аэлита», «Салтанат», «Айби», Байқоңырда «Қызғалдақ», «Достар», «Інжу данс», «Жалын», «Асыл мұра», «Армандастар», «Канкан дэнс» Есілде ауданында «Жаңа толқын», Нұра ауданыда «Қыздар-ай», «Элеганс», Сарыарқа аудаында «Шабыт», «Әдемі дәуір», «Гауһартас», «Шұғыла», «Элигант денс» және т.б. би ұжымдары бар.

Би үйірмесіне қатысу зейнеткерлерге тек физикалық белсенділік емес, сонымен қатар жақсы көңіл-күй мен өмірлік серпін сыйлайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗