Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «Әке мен бала» клубының «Әке үлгісі – оқырман бала» атты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жиынның мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, әке рөлінің маңызын көрсету арқылы бала тәрбиесіндегі әкенің ықпалын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақты рухани, мәдени дамыту, кітап оқуға қызығушылығын ояту.
Іс-шараға клуб мүшелері, әкелер қауымдастығының өкілдері, түрлі салаларда еңбек етіп жүрген қоғамға белгілі ата-аналар және кітапхана оқырмандары қатысты. Басқосу барысында оқушылар әкелерімен бірге оқыған кітаптарын талқылап, өз шығармашылық жұмыстарын көрсетті.

Сонымен қатар «Әке мен бала» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға рухани азық болар әдебиеттер ұсынылды.
