Header Banner

Астанада 80 жастан асқан тұрғындар сайлауға жақындарымен бірге келді

Бүгін, 13:01
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астанада 80 жастан асқан тұрғындар сайлауға жақындарымен бірге келді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада мәслихат депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру жалғасып жатыр. Сайлау учаскелеріне келгендердің қатарында жасы 80 мен 91 аралығындағы елорда тұрғындары да бар, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Қарт астаналықтар сайлау учаскелеріне туған-туыстары мен жақындарының еріп жүруімен келуде.

Мәселен, елордалық сайлау учаскелерінің бірінде 91 жастағы тұрғын дауыс берді. Сонымен қатар 88 және 90 жастағы қала тұрғындары да сайлауға қатысты.

Аға буын өкілдері үшін сайлау учаскелерінде қажетті жағдайлар жасалған. Қажет болған жағдайда оларға еріктілер көмек көрсетеді.

Еске салсақ, бүгін, 29 қарашада мәслихат депутаттарының сайлауы өтуде. Астанада 446 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.