06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада 17 мыңнан астам зейнеткер Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барады

|
Photo: Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Астанада 17 мыңнан астам зейнеткер Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына барады

|
Photo: Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығынан

Қазіргі уақытта елдордадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында 25 түрлі бағыт бойынша үйірмелер мен секциялар тұрақты түрде жұмыс істейді. Бүгінде 17 мыңнан астам зейнеткер орталықтың қызметін тұрақты түрде пайдаланып келеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Астанадағы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл жыл басынан бері 4 090 зейнеткер орталыққа тіркеліп, қызмет ала бастады.

Зейнеткерлердің жас ерекшелігіне тоқталсақ: 70 жасқа дейін – 10 598 адам, 70 пен 80 жас аралығында – 6 281 адам, ал 80 жастан жоғары – 647 зейнеткер тіркелген.

2025 жылдың өзінде Орталық 13 721 зейнеткерге 444 216-дан астам әлеуметтік қызмет көрсетті. Қазіргі таңда күн сайын Орталықтың алты аудандық бөлімшесіне 2 500-ден астам адам келіп, белсенді өмір салтын жалғастыруда.

Орталықтың барлық аудандық бөлімшелерінде ең белсенді қатысушылар – әйел зейнеткерлер. Әсіресе, әжелеріміздің қолөнермен айналысуға қызығушылығы жоғары. Мысалы, еңбек терапиясына – 733 адам, тігін әліппесіне – 248 адам, арт-терапияға – 734 адам, ал құм терапиясына – 248 адам қатысқан.

Сонымен қатар, зейнеткерлер өз қызығушылықтарына қарай 25-тен аса түрлі клубқа қатыса алады.

Атап айтсақ: «Атадан балаға аманат», «Зияткерлік ойындар», «Speaking English», «Оқу және поэзия клубы», «Күміс еріктілер», «Хор және вокал», «Волейбол», «Үстел теннисі», «Гитарада ойнау», «Домбыра үйрену», «Домбыра оркестрі», «Караоке», «Кілем тоқу», «Ұршық иіру», «Салауатты өмір салты», «Компьютерлік сауаттылық», «Тіл шаңырағы», «Әжелер 80+», «Киім үлгілерін көрсету» және тағы басқа клубтар бар. Сондай-ақ, сауықтыру бағытында Цигун, кун-фу және би секілді қозғалыс белсенділігін арттыратын клубтар жұмыс істейді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗