21.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Astana IT University Қазақстандағы алғашқы университет ретінде MIT жаһандық желісіне қосылды

|
Photo: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Astana IT University Қазақстандағы алғашқы университет ретінде MIT жаһандық желісіне қосылды

|
Photo: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Astana IT University (AITU) ресми түрде әлемдегі жетекші технологиялық университеттердің бірі – Массачусетс технологиялық институтының (MIT) Global Learning & Entrepreneurship Network (GLEEN) халықаралық бағдарламасына қосылды. AITU осы жаһандық желіге енген Қазақстанның алғашқы университеті болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, бұл Мемлекет басшысы белгілеген жасанды интеллект пен инновациялар саласын дамытуға арналған ұлттық амбицияларды айқындайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында еліміздің ЖИ саласындағы әлеуетін күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өткен болатын.

«Жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беруге болады», – деген еді Президент. 

AITU-MIT ынтымақтастығы осы ұлттық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нақты қадамдардың бірі болмақ.

GLEEN MIT Солтүстік Америка, Еуропа, Африка және Латын Америкасындағы университеттерді біріктіретін халықаралық қауымдастық ретінде дамып келеді. Серіктестіктің ерекшелігі AITU тек жеке курстарға ғана емес, түгел интеграцияланған трансформациялық «операциялық жүйеге» ие болады, бұл инновациялар мен кәсіпкерлікті оқыту тәсілін түбегейлі өзгертеді. MIT әдістемелері Disciplined Entrepreneurship (24 қадам) және 15 Startup Tactics бакалавр, магистратура және университет акселераторлары үшін жаңартылған оқу модулінің негізін құрайды.

Бағдарлама екі негізгі бағытта жүзеге асырылады: қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыру және студенттердің халықаралық стандарттар бойынша практикалық дағдыларын дамыту. Train-the-Trainer бағдарламасы MIT әдістемелеріне терең практикалық енуге мүмкіндік береді. Бұл оқытушыларға алған білімін оқу процесінде бірден қолдануға жағдай жасайды. Аталған бағдарлама бойынша AITU қызметкерлерінің алғашқы тобы 2026 жылғы қаңтарда MIT-ке оқуға аттанады. Жыл бойы оқытушылар GLEEN онлайн-сессияларына қатысады. Ал жазда MIT базасында GLEEN Strategy & Challenge-Solving стратегиялық воркшопы өтеді. Онда халықаралық тәлімгерлермен бірге AITU стартап-экожүйесін дамыту жол картасы жасалады.

AITU студенттері жыл сайын StartMIT инновациялық интенсивіне қатысу мүмкіндігіне, сондай-ақ MIT Orbit және Jetpack AI цифрлық платформаларына толық қолжетімділік алады. Бұл платформалар студенттерге гипотезалар, құнды ұсыныстар және бизнес-модельдер әзірлеуге мүмкіндік береді. Осылайша, кәсіпкерлік дағдылар университеттің әрбір студенті үшін қолжетімді және кеңінен таралған компетенцияға айналады.

«GLEEN MIT бағдарламасына қосылу – ұлттық деңгейдегі маңызды қадам. AITU инновацияларды қалыптастыратын жаһандық білім қозғалысының бір бөлігіне айналады. Бұл студенттеріміз бен оқытушыларымызға MIT әдістемелері бойынша жұмыс жасауға, әлемдік деңгейдегі стартаптарды құруға және Қазақстанның білім және инновациялық экономикасына үлес қосуға мүмкіндік береді», – деді Astana IT University ректоры Альтаир Ахметов.

Министрліктің мәліметінше, MIT-пен серіктестік AITU халықаралық мәртебесін нығайтып, жаңа әріптестік, ғылыми зерттеу және инвестициялық мүмкіндіктер ашады. Университеттің Қазақстан мен Орталық Азиядағы инновациялық дамудың негізгі драйверлерінің бірі ретіндегі рөлін растайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗