Астана әуежайында 10-нан астам рейс кешіктірілді

Бүгін, 15:26
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астана әуежайында 10-нан астам рейс кешіктірілді
Фото: Астана әуежайының баспасөз қызметі

Астана халықаралық әуежайында ауа райының қолайсыздығына байланысты 10-нан астам рейс кешіктірілуде, деп хабарлады Elordainfo.kz әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қолайсыз метеожағдайларға байланысты Астана халықаралық әуежайында рейстер кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Әуежайдың барлық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істейді», - деп мәлімдеді әуежайдың баспасөз қызметі. 

Әуе айлағының онлайн-таблосы бойынша Астанада мынадай рейстердің ұшып келуі кешіктірілген:

DV 784 Өскемен-Астана;

FS 7342 Алматы-Астана;

FS 7053 Қарағанды-Астана;

KC 641 Алматы-Астана;

FS 7055 Алматы-Астана;

KC 572 Медина-Астана;

KC 206 Дубай-Астана;

KC 980 Орал-Астана;

FS 7366 Орал-Астана;

KC 208 Дубай-Астана;

KC 621 Қарағанды-Астана;

SZ 171    Душанбе-Астана.

Ұшуға кешіктірілген рейстер:

KC 642 Астана-Алматы;

FS 7365 Астана-Орал;

KC 213 Астана-Ақтау;

IQ 389 Астана - Жезқазған;

DV 772 Астана - Шымкент.

Сонымен қатар, Саньядан DV 480 рейсі тоқтатылды.

Жолаушылардан ресми сайтта немесе анықтамалық қызметтерде өз рейстерінің ағымдағы мәртебесін тексеру сұралады.