Астана әуежайы аумағында жоспарлы оқу-жаттығу өтеді
Бүгін сағат 12:00-ден 14:00-ге дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы аумағында авиациялық оқиға кезіндегі іс-қимылдарды пысықтауға арналған жоспарлы оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Оқу-жаттығу барысында әуежайдың авариялық-құтқару қызметі Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментімен, өрт сөндіру бөлімшелерімен, жедел-құтқару жасағымен, Апаттар медицинасы орталығымен, 103 қызметімен және әуе компанияларымен бірлескен әрекеттерді пысықтайды.
«Құрметті жолаушылар мен қала тұрғындары!
Іс-шара кезінде әуежай аумағында арнайы техника мен жедел қызметтердің жұмысы ұйымдастырылуы мүмкін.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!» - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, елордада жаңа Fly Park экстремалды скейт алаңы ашылды.