Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқарбек Маратұлы Ертаев Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бұл қызметті бұған дейін Светлана Жақыпова атқарып келді. 

Асқарбек Маратұлы 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған. 

2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді. 

2014 жылы — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.

2014-2021 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры. 

2021-2022 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.

2022-2023 жж. — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.

2023-2024 жж. — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы.

2024-2025 жж. — Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.

Соңғы тағайындауға шейін 2025 жылғы 9 маусымнан бастап ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болды.