Арнаулы салық режимі негізіндегі оңайлатылған декларацияны кімдер қолдана алады

Арнаулы салық режимі негізіндегі оңайлатылған декларацияны кімдер қолдана алады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Жаңа Салық кодексі аясында жаңартылған арнаулы салық режимі енгізілді. Бұл режим оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап. 

Департамент арнаулы салық режимі негізіндегі оңайлатылған декларацияны кімдер қолдана алатынын түсіндіріп берді. 

Режимді қолдану шарттары:

табыс 600 мың АЕК немесе 2 млрд 595 млн теңгеден аспайды;

- режимді қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асырмайды (ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 14 қарашадағы № 970 қаулысы);

- әлеуметтік салық және қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеушісі емес.

Астана қаласы бойынша салық мөлшерлемесі 3% (2025 жылғы 28 қарашадағы Мәслихат шешімі № 349/46 - VIII).

Режимді қолдануға құқылы емес:

Басқа заңды тұлғалардың үлесі 25 пайыздан асатын заңды тұлғалар;

- құрылтайшысы немесе қатысушысы бір уақытта арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлға құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға;

- құрылтайшысы немесе қатысушысы арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлға;

- арнаулы салық режимін қолданатын ЗТ құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер);
коммерциялық емес ұйымдар;

- арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың, «Астана Хаб» қатысушылары;

- бірлескен қызмет туралы келісімдер бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер.

Арнаулы салық режимі негізіндегі оңайлатылған декларацияны қолдану үшін салық кезеңі жарты жыл. Толығырақ ақпаратты - 1414/3 нөмірінен немесе департаменттің Instagram парақшасынан ала аласыз.

Еске салсақ, Астанада кәсіпкерлерге салық мәселесіне қатысты ескерту жасалды.