Астанада кәсіпкерлерге салық мәселесіне қатысты ескерту жасалды
4 ақпан, 2026
Фото: freepik.com
Елордада кәсіпкерлерге салық мәселесіне қатысты ескерту жасалды, деп хабарлады Elordainfo.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
2026 жылғы 1 қаңтарға дейін арнайы салық режимдерін қолданған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар 28 ақпан 2026 жылға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны ұсынулары қажет.
Хабарлама ұсынылмаған жағдайда автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық режиміне ауыстыру немесе жеке кәсіпкер ретінде есептен шығару жүргізіледі.
Хабарламаны ұсыну бойынша толық нұсқаулық «Актуалды» профилінде орналастырылған.
Бұған дейін 2026 жылы салық режимін таңдауда нені ескеру маңызды екенін жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
20 наурыз, 2026
Көлік министрлігі транзиттік дәліздерді дамытуға ерекше назар аудармақ
19 наурыз, 2026
Қаржы министрлігі халықаралық тұрақты даму стандарттарын енгізуді бастады
19 наурыз, 2026
Екібастұз моноқалалар санатынан шығарылды
18 наурыз, 2026
Қазақстан жеті жыл үзілістен соң Моңғолияға бизнес-миссия жіберді