Аралда учаскелік инспектордың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 12:42
Думан Аманжол Думан Аманжол
Аралда учаскелік инспектордың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оңалхан Өнерхан

Қызылорда облысының Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы дене жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 31 тамыз күні болған. Қаза тапқан 38 жастағы учаскелік инспектор сол кезде еңбек демалысында жүрген. Тұрмыстық жанжал кезінде ер адам полиция қызметкерін ұрып, салдарынан ол алған жарақатынан қайтыс болған.

Қызылорда облысы полиция департаментінің хабарлауынша, марқұм мен күдікті бұрыннан таныс болған.

«Бұған дейін күдікті отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтары үшін қайтыс болған учаскелік инспектор тарапынан бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оған қатысты қорғау нұсқамалары да шығарылған», - деп хабарлады полицияда.

Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің аты-жөні анықталды, оны ұстау үшін тиісті шаралар қолға алынды.

Еске салсақ, 21 млрд теңге жинаған «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшылары сотталды.