06.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қарағандыда ірі көлемдегі есірткі арнасы анықталды

|
Photo: фото: видеодан алынған кадр/ t.me/afm_rk
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Қарағандыда ірі көлемдегі есірткі арнасы анықталды

|
Photo: фото: видеодан алынған кадр/ t.me/afm_rk

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз тасымалдау дерегінің жолын кесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бақылап жеткізу әдісімен жүргізілген арнайы операция барысында Тайланд Корольдігінен есірткі арнасын ұйымдастырған азамат анықталып, әшкереленді.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында күдікті өзінің танысы – кәмелетке толмаған жасөспірімді «дроп» ретінде пайдаланып, есірткі салынған пошталық сәлемдемені «Қазпошта» АҚ арқылы оның атына рәсімдеген.

«Жеке тінту кезінде одан 1,3 келі есірткі заты – каннабис WAX тәркіленді. Тергеу барысында күдіктінің Қарағанды қаласында Telegram мессенджері арқылы «жертөле» әдісімен есірткі таратқаны да анықталды.  Қазіргі уақытта күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда»,- деп жазылған ҚМА хабарламасында. 

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗