Ақтөбеде 1,9 гектар пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды

Бүгін, 13:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақтөбеде 1,9 гектар пайдаланылмаған жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген жоспардан тыс тексеру барысында Ақтөбе қаласында жалпы көлемі 1,9 гектарды құрайтын көп қабатты тұрғын үйлер салу үшін берілген жер телімінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай бос жатқандығы белгілі болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Жер иесіне жер телімін игеру туралы тиісті нұсқама берілген, алайда ол орындалмаған. Әкімшілік жауапкершілікке тартқаннан кейін, Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті тарапынан жер учаскесін мәжбүрлі түрде алып қою туралы сотқа талап-арыз берілді.

Нәтижесінде, Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен департаменттің талап-арызы толықтай қанағаттандырылып, жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Еске салайық, бұған дейін Астанада тек қана Қоянды саяжай алқабы ғана сақталатыны туралы жаздық.