Ақмола облысындағы жаңа сүт-тауарлы фермасына Еуропадан голштин тұқымды сиырлар жеткізілді

Ақмола облысындағы жаңа сүт-тауарлы фермасына Еуропадан голштин тұқымды сиырлар жеткізілді
Фото: АШМ

Ақмола облысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, облыс әкімдігінің қолдауымен, жеке инвестор мен «KOKSHE» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлескен қаржыландыру аясында агроөнеркәсіп кешені саласында ірі жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz АҚШ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бурабай ауданында «Burabay Milk» серіктестігі 1440 бас ірі қара малға арналған заманауи сүт-тауарлы фермасының, сондай-ақ Щучинск қаласында сүт зауытының құрылысын қолға алып жатыр.

Жобаны іске асыру аясында 330 бас асыл тұқымды мал әкелу жоспарланған.
Компания болашақ ферма үшін жоғары өнімді асыл тұқымды табынды қалыптастыру жұмыстарын бастап кетті. Нәтижесінде Германиядан 165 бас голштин тұқымды қашардың алғашқы партиясы арнайы әуе рейсімен жеткізілді.

Қазіргі уақытта карантиндік шаралардан өтіп, жаңа күтім жағдайларына бейімделіп жатыр. Алдағы бір ай ішінде ветеринариялық мамандар міндетті кешенді зерттеулер жүргізіп, аса қауіпті ауруларға қатысты тексеру жүргізеді.

Алдағы уақытта да облыстық және аудандық ветеринариялық қызметтер өкілдерінің қатысуымен асыл тұқымды мал басын толықтыру жалғаспақ.

Бұдан бұрын Жетісуда 39 сиырдың ұрлығына бақташының қатысы бары анықталғанын жазған едік.