Жетісуда 39 сиырдың ұрлығына бақташының қатысы бары анықталды

Жетісуда 39 сиырдың ұрлығына бақташының қатысы бары анықталды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Жетісу облысында полиция 46 млн теңгенің мал ұрлығын ашты. 39 асыл тұқымды сиырдың ұрлығына бақташының қатысы болған, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, 13 сәуірде Ескелді ауданының тұрғыны жайылымдағы 81 бас асыл тұқымды сиырының 39-ы жоғалып кеткенін айтып арызданған. Материалдық шығын 46 млн теңге деп бағаланды.

Полиция қызметкерлері жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оқиғаның мән-жайы белгілі болды. Малды 17 жыл бойы бағып келген бақташы күдікке ілінді.

«45 жастағы азаматтың қылмысқа қатысы бары анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық мал өз иесіне қайтарылды», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Петропавлда мердігер ұйым өтпежол салуға бөлінген бюджеттің 2 млрд теңгесін жымқырғанын хабарладық.