Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды
Фото: pixabay

19 сәуір күні облыстық «Жолымбет – Пригородное» жолында «Шевроле Кобальт» автокөлігі аударылып, жол апаты салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Ақмола облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тағы бір жолаушы дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

«Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жүргізушілерге, әсіресе көлік қозғалысы қарқынды учаскелерде жылдамдық режимін қатаң сақтауды және көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылауда ұстау керектігін ескертеді», делінген хабарламада.

Бұған дейін Қарағанды облысында екі мотоцикл бір-біріне соғылып, салдарынан 2 адам қаза тапқан еді.