«Астана – Петропавл» жолында ережені қатаң сақтайтын жүргізушілер марапатталды

«Астана – Петропавл» жолында ережені қатаң сақтайтын жүргізушілер марапатталды
ІІМ видеосының скрині

«Астана – Петропавл» республикалық тасжолында Ақмола облысының полиция қызметкерлері «Үлгілі жүргізуші» профилактикалық акциясын өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алғаш өткен акцияда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жүргізушілер арасында заңға бағынатын және жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстың маңызды кезеңіне айналды. Аталған бастама тәртіпті жүргізушілерді қолдау мен ынталандыру арқылы жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. 

Акция аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтайтын автокөлік жүргізушілерін тоқтатып, алғыс хатпен марапаттады.

Мәселен, өңір тұрғыны Григорий Пономарев — көпжылдық тәжірибесі бар жүргізуші. Ол 1975 жылы алғаш рет рөлге отырған. Содан бері бірде бір рет жол ережесін бұзған емес. Үлгілі жүргізуші басқа азаматтарды да жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Еске салсақ, елордада қауіпті жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапкершілікке тартылды.