Референдум-2026

Алматыда жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді
Фото: depositphotos.com

Алматыда жер сілкінді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Сейсмологиялық зерттеу институтының сейсмикалық станциялар желісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15 сағат 11 минутта жер сілкінісін тіркеді.  Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан», делінген хабарламада.

Қазір мәліметтер өңделіп жатыр. Әзірге зардап шеккендер мен қирауға қатысты мәлімет келіп түспеген.

Еске салсақ, былтыр 4 желтоқсанда Алматыда жер сілкінгенін хабарладық. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында Алматыдан 277 шақырым жерде орналасқан.