Алматыда екі жігіт түнде азаматтық қорғаныс нысанының құлпын бұзып кірмек болған
Екі адам Абай даңғылы мен Н.Тілендиев көшесінің қиылысындағы бомбадан паналайтын нысанның құлпын бұзуға әрекеттенген, деп хабарлайды Elordainfo.kz. Алматы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жабық нысанға кіруге әрекет жасағанын байқаған кәсіпорын басшылығы дереу полицияға хабарлаған.
Олардың айтуынша, іште бағалы зат жоқ. Соған қарамастан бұл жерге бұған дейін де бірнеше рет бөгде адамдар заңсыз кіруге әрекет жасаған.
Полиция екі жігіттің құлыпты бұзу үшін өздерімен бірге құрал алып жүргенін анықтады. Екеуі де Алмалы аудандық полиция басқармасына жеткізілді.
Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын және нысанға кіруге әрекет жасаудың нақты себептерін анықтап жатыр.
Еске салсақ, Астанада полиция алаяқтық схемасына қатысы бар жігітті ұстады.