Алматы облысында Жетісу теміржол вокзалы жаңғыртудан кейін ашылды
Алматы облысында Жетісу станциясының теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан кейін ашылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасһөз қызметіне сілтеме жаспа.
ҚТЖ мәліметінше, вокзал ғимараты 1959 жылы салынған.
«Қайта құру барысында оның ауданы екі есеге жуық – 135,7-ден 258,3 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Вокзал жайлылық пен қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкес келетін бір қабатты ғимарат. Қайта құру барысында шатырды монтаждау, ғимараттың сыртқы және ішкі әрлеуі, су, кәріз, жылу және электрмен жабдықтаудың сыртқы әрі ішкі инженерлік желілерінің құрылысы орындалды. Сондай-ақ, перронды қайта жаңарту, іргелес аумақты абаттандыру және заманауи жиһаздарды орнату жұмыстары жүргізілді», - делінген хабарламада.

Жетісу вокзалы 3-ші типті вокзалдарға жатады. Станция арқылы күн сайын Алматы, Алтынкөл, Сарыөзек және Қапшағаймен қатынауды қамтамасыз ететін 4 жолаушылар пойызы өтеді.
Жұмыстар Үкімет, Көлік министрлігі, Алматы облысы әкімдігі мен «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде ҚТЖ-ның қаражаты есебінен орындалды.

Еске салсақ, Маңғыстау мен Павлодар облыстарында екі теміржол вокзалы жаңартылды.