Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша 14:09-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Жер дүмпуінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасы аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 311 шақырым жерде орналасқан. Тербелісі MPV 5.3.
Сезілу қарқыны
Алматы облысында
Райымбек ауданы Нарынқол ауылында 3 балл
Кеген ауданы Кеген ауылы 3 балл
Жалағаш ауылы 2 балл
Саты ауылы 2 балл
Еңбекшіқазақ ауданы Көкпек ауылы 2 балл
Жетісу облысы
Панфилов ауданы Жаркент қаласы 2 балл.
Еске салсақ, 17 ақпанда Алматыда жер сілкінді. Дүмпу ошағы қаладан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасты.