Алимент төлемегені үшін 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды
Шу аудандық соты сот актісін орындамағаны үшін Шу қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл соттарына сілтеме жасап.
Сот азамат Е.-нің 2021 жылғы сот бұйрығы негізінде табыстың барлық түрлерінің 1/3 бөлігі мөлшерінде 2 кәмелетке толмаған баланы асырап-бағуға алимент төлеуге міндетті екенін анықтады. Алайда, Е. ұзақ уақыт бойы өзіне жүктелген міндеттемелерді орындамай, 170 мың теңге көлемінде алименттер бойынша ішінара ғана төлем жасаған.
Нәтижесінде 2023 жылғы наурыздан 2025 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде алимент бойынша 1,4 млн теңге мөлшерінде қарыз қалыптасқан.
Құқық бұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, өзінің міндеттемелерін ішінара орындағанын және қарызды өтеуге ниетті екенін түсіндірді.
ӘҚБтК 669-бабы 1-бөлігінің санкциясы жеке тұлғаларға – 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салу немесе 20 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.
Сот кінәні мойындауын, өкініш білдіруін, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, 3 кәмелетке толмаған балаларының болуын және қарызды ішінара өтеуін жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды.
Сот қаулысымен азамат Е. ӘҚБтК 669-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындалды. Жазаны орындау жергілікті атқарушы органға жүктелді.
Қаулы заңды күшіне енді.