Қалада жаңа кәріз тазарту құрылысын салу жұмыстары басталды - Жеңіс Қасымбек
23 тамыз, 2025
Фото: Жеңіс Қасымбек/ Instagram
Бұл туралы Астана қаласы әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қазіргі уақытта елордада шаруашылық-тұрмыстық ағынды су тәулігіне 254 мың м³ қуаттылығы бар кәріз тазарту құрылысында (№1 КТҚ) тазартылады.
Бас жоспарға сәйкес, 2035 жылға қарай қала тұрғындарының саны шамамен 2 млн 275 мың адамға жетеді.
Бұл шаруашылық-тұрмыстық ағынды судың едәуір артуына және қосымша тазарту құрылыстарын салу қажеттігіне алып келеді.Осыны ескере отырып, қалада жаңа кәріз тазарту құрылысын (№2 КТҚ), оған қоса кірме және шығару коллекторларын салу басталды. №2 КТҚ-ның қуаттылығы тәулігіне 188 мың м³ құрайды. Қала үшін маңызды бұл нысанды 2028 жылы аяқтау жоспарланып отыр», - деп жазды Ж.Қасымбек.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 16:58
Баспасөз туры: Астанадағы LRT жүйесінің барлық стансалары мен пойыздары тексерілді
Бүгін, 16:44
Астаналық зейнеткерлерге интернет-алаяқтардан қорғану жолдары түсіндірілді
Бүгін, 16:31
PGL Astana 2026: Елордаға Counter-Strike чемпиондары келеді
Бүгін, 15:55
Елордада кибералаяқтық деректері бойынша жүздеген іс қозғалды