Air Astana елорда әуежайындағы шектеулерге байланысты рейстер кестесін өзгертеді
15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағының күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты бірқатар ішкі және халықаралық рейстердің ұшу уақытына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Air Astana әуе компаниясы Астана әуежайында жүргізілетін жоспарлы жұмыстарға байланысты рейстер кестесіне уақытша түзетулер енгізілетінін мәлім етті. Ұшу-қону жолағы аталған кезеңде күн сайын 10:00-ден 18:00-ге дейін жабық болады.
«Өзгерістер Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына орындалатын ішкі рейстерге әсер етеді. Сонымен қатар Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарындағы халықаралық рейстердің де кестесі уақытша өзгереді», - делінген хабарламада.
Әуе компаниясының мәліметінше, өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушыларына брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етілуде.
Рейстің мәртебесін Брондау және ақпарат орталығынан білуге болады: help.airastana.com, +7 727 244 4477, +7 702 702 4477, +7 727 244 4478 (рейстердің кешігуі немесе тоқтатылуы жағдайда), +7 702 702 0074 (WhatsApp), Online чат: airastana.com.
Еске салсақ, Air Astana әуекомпаниясы Наурыз қарсаңында Алматы-Баку бағытындағы рейстерді көбейтеді.