Әділет министрлігінің ұжымына жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Бүгін, 13:25
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Әділет министрлігінің ұжымына жаңа Конституция жобасы түсіндірілді
Фото: Әділет министрлігі

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы аясында ҚР Әділет министрлігінің ұжымымен кездесу өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында жаңа конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістер туралы айтылды.

Кездесуге ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева, сондай-ақ партия мүшелері Венера Жексембекова, Мария Өтебаева мен Шыңғыс Түсіпбаев қатысты.

Бұған дейін Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада жаңа Конституция жобасы талқыланғанын жаздық.