Прокуратура Абай облысында азық-түлік бағасын негізсіз өсіру фактілерін әшкереледі
Абай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеру деректері анықталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Аягөз ауданының прокуратурасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеу саласындағы заңнаманың сақталуына, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша жұмысына талдау жүргізді.
Талдау барысында 31 түрлі әлеуметтік маңызы бар өнімнің 10 түрі бойынша кәсіпкерлер өнімдерді шекті бағадан жоғары бағамен сатқан фактілері анықталды. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті бақылау қамтамасыз етілмеген.
«Прокуратураның араласуынан кейін бағаны тұрақтандыру шаралары жанданып, мониторинг күшейтілді. Кәсіпкерлермен әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын негізсіз көтермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», делінген хабарламада.
Нәтижесінде бір дүкен иесі өнімдерді шекті бағадан 10–15% төмен бағамен сатуға келісті. Ал үш дүкен иесі белгіленген шекті деңгейден 15%-дан жоғары баға қойғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды.
Еске салсақ, елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үш есе арзандаған болатын.