2028 жылға шейін өткізу пункттерінде 200-ге жуық биометриялық бақылау терминалы орнатылады
2028 жылға дейін Қазақстанның өткізу пункттерінде 200-ге жуық Q-Gate биометриялық терминалы орнатылады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Kazdream Special Systems» ЖШС бас директоры Думан Сембаев Q-Gate отандық автоматтандырылған паспорттық бақылау жүйесін қолдану аясын кеңейту туралы айтты. Терминалдар Астана мен Алматы халықаралық әуежайларында және 11 өткізу пунктінде жұмыс істеп тұр.
Қазір Q-gate терминалының 54-і орнатылған. Жүйе жолаушыларды бет биометриясы мен төлқұжаты бойынша 15-50 секундта тексереді, бұл стандартты бақылаудан 4-5 есе жылдам. Әзірлеушілердің айтуынша, оны енгізу өткізу пункттерінің қабілетін едәуір арттыруға мүмкіндік беріп отыр: егер қызметкерлердің күшімен 200 жолаушыдан тұратын рейсті тексеру шамамен 30 минутты алса, Q-Gate арқылы бүкіл бортты шамамен 7 минут ішінде тексеруге болады.
«Терминал азаматтардың 16 жасқа толғаннан бастап шекара қызметінің қызметкерлеріне жүгінбей-ақ мемлекеттік шекарадан қашықтан тексеріліп өте беруіне мүмкіндік береді. Паспортты және адамның биометриясын тексеру рәсіміне 15 секунд кетеді, бұл пункттердің нақты инфрақұрылымын кеңейтпей-ақ өткізу қабілетін 6 есе арттырады», - деді Думан Сембаев.
2028 жылға дейін тағы 198 Q-Gate терминалын орнату жоспарланып отыр. Сонымен қатар шетел азаматтарын автоматтандырылған режимде қашықтан бақылау үшін алгоритмдер әзірленып жатыр.
Бұдан басқа, eGov арқылы құжаттың өзін қолданбай-ақ паспорттың QR-коды бойынша өтуді пилоттық тестілеу басталды.