2025 жылы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді – ІІМ

Бүгін, 14:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
2025 жылы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді – ІІМ
Фото: ortcom.kz

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алуға баса назар аударды: Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылы барлық құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар 4 мың есірткі қылмысының, оның ішінде 2 700 есірткі өткізу фактісінің жолын кесті.

«Барлығы 49 тоннаға жуық түрлі есірткі тәркіленді. Синтетика бойынша прогресс ерекше байқалады, есірткінің бұл түрін алу көлемі шамамен 1,5 тоннаны құрады. Яғни, 4,5 млн бір реттік доза айналымға жіберілмеді. Жедел жұмыс пен инновациялық шешімдер кешенін пайдаланудың жаңа тәсілдерінің арқасында 128 есірткі зертханасы жойылды, оның 28-і синтетика өндірген», - деді спикер.

ІІМ өкілі сондай-ақ Қазақтан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру нәтижелеріне тоқталды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрлігі 100-ге жуық адамның есірткіге қарсы ерікті қызметіне тартылғанын айтқан болатын.