ІІМ: 100-ге жуық адам есірткіге қарсы ерікті қызметіне тартылды
Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов 6 наурызда қабылданған заңға тоқталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Аталған заңға сәйкес, есірткі өндірісі үшін жауапкершілік ажыратылып, қызметтік жағдайды пайдалана отырып жасалған есірткі құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік күшейтілді. Сонымен қатар есірткіге байланысты құқық бұзушылықтарды алғаш рет жасаған адамдар үшін жауапкершілік жеңілдетілді.
«Заң күшіне енген сәттен бастап осы күнге дейін бас бостандығынан айыру орындарынан 1 800-ден астам адам босатылды. Олардың барлығымен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Бүгінде олар өз өмірлік тәжірибелері ақылы есірткі тұтынудың салдары, заңсыз айналымға араласу ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін екенін көрсетіп жүр. Бұл жұмыс барлық өңірлерде жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 100-ге жуық адам бізбен бірге белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізеді», – деді спикер.