01.12.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

1 қаңтардан бастап онлайн дүкендер кімге не сатқанын салық органдарына хабарлап отырады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

1 қаңтардан бастап онлайн дүкендер кімге не сатқанын салық органдарына хабарлап отырады

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

1 қаңтардан бастап онлайн сауда платформалары сатылған тауар мен қызметтер туралы ақпаратты салық органдарына хабарлауға міндеттеледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауданы дамыту департаментінің директоры Аңсар Оразалиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті. 

"Жаңа Салық кодексінде электронды сауда қызметінің ашықтығын арттыру шаралары күшейтілді. 2025 жылдың 18 қыркүйегіндегі бұйрықпен интернет-платформа иелерінің сатылған тауарлар мен қызметтер туралы деректерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну қағидалары бекітілді. Олар 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі", — деді ол.

Бұған дейін Қазақстандағы онлайн сауданың 90 пайызы Алматыда жасалатыны айтылған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗