«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына үміткерлердің тізімі жарияланды

фото: freepik.com
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс беру кезеңіне өткен үміткерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше,техникалық іріктеуден өткен 196 өтінім байқаудың бірінші кезеңіне өтті.
Онлайн дауыс беру 2024 жылғы 20-29 қыркүйек аралығында «Qazvolunteer.kz» сайтында өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарға, волонтерлік ұйымдарға беріледі.
Ұқсас жаңалықтар

17 қазан, 2025
Астанада бүлдіршіндер арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті

17 қазан, 2025
Елімізде жолаушылар қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді

17 қазан, 2025
Қазақстанда құтқару қызметі күшейтіліп жатыр

17 қазан, 2025
Биологиялық қаруға тыйым салу: Қазақстандық және халықаралық сарапшылар қауіпсіздік мәселелерін талқылады