Жауын, қар, жел: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
3 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: ашық дереккөзден
Синоптиктер алдағы 3 күнге арналғанауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады Elorda.info Қазгидрометке сілтеме жасап.
5-6 сәуірде Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, ал оңтүстігінде, оңтүстік – шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таймыр аудандарынан жылжыған солтүстік циклонның әсерінен 6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі, - делінген Қазгидромет хабарламасында.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 17:53
Запасқа шығарылған ұландықтарға құрмет көрсетілді
Бүгін, 17:23
Қазақстан туризм саласындағы жетістіктері мен жоспарларын таныстырды
Бүгін, 15:32
«Жылдың үздік қоғам белсендісі» республикалық байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр
Бүгін, 13:58
Республикалық маңызы бар жолдарда жаңа индекстер бекітілді