Жапониялық ғалымдар ғылыми жаңалықтарға арналған әлемдегі алғашқы ЖИ жүйесін әзірледі
Жапонияның Sakana AI компаниясы ғылыми зерттеулерді автоматтаныруға арналған әлемдегі алғашқы жасанды интеллект жүйесін әзірледі. Бұл туралы Elordainfo.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
Компания сайтында жарияланған хабарламада жаңа жүйенің Foerster, Оксфорд университеті мен өзге де жоғарғы оқу орындарының зертханаларымен бірлесіп дайындалғаны көрсетілген.
ЖИ жаңа жүйесінде ғылыми жаңалықтар ашуда көптеген мүмкіндіктер ұсынылған. Бұған қоса ол идея табу, код жазу, түрлі тәжірибелер жүргізу, зерттеу жұмыстарын жүйелеп, сараптамалық бағалауды қорытындылау сияқты жұмыстарды істей алады. Жүйені қолдану арқылы толыққанды ғылыми мақалалар да дайындауға да болады.
Жасанды интеллект жүйесі жүргізетін зерттеулер машиналық оқыту (ML) және кодтауға қатысты болмақ.